Қазақстан дүкендері мен көтерме саудасына

Дүкен мен көтермеге касса және есеп

Сатылым, кіріс, қалдық пен қарыз бір жерде. Касса интернетсіз істейді, ал дүкен телефоннан көрінеді.

  • Интернетсіз касса
  • Halyk және Kaspi терминалдары
  • Штрихкод пен таразы
  • Excel-ден кіріс
  • Бонус карталары
  • Этикетка басу
  • Telegram хабарламалары
  • Көтерме витрина
  • Қарыздар журналы
  • Бірнеше сату нүктесі

Сатудан есепке дейін — бір жүйеде

  1. 01 Касса

    Сатылым бірнеше секундта

    Сканер, жылдам тауарлар, таразы штрихкоды. Сома терминалға өзі кетеді, чек термопринтерге басылады.

  2. 02 Кіріс

    Кіріс Excel-ден бір минутта

    Жеткізушінің жүкқұжатын жүктеңіз немесе тауарды сканерлеңіз. Өзіндік құн, жеткізуші мен логистке қарыз өзі есептеледі.

  3. 03 Номенклатура

    Қалдық пен маржа көз алдыңызда

    Әр тауардың сатып алу және сату бағасы, маржасы мен қалдығы. Тауар таусылғанда ескертеді, бағалықтарды бірден басып шығарасыз.

  4. 04 Карталар

    Жеңілдік және бонус карталары

    Карталарды топтап шығарыңыз, басып, кассада сканерлеңіз. Кешбэкпен төлеуге болады, қызметкер карталары сатылымды есептейді.

  5. 05 Шолу

    Дүкен телефоныңызда

    Түсім, чектер, маржа және назар аударатын жайттар — кез келген жерден, кез келген уақытта.

Дүкенге күнде керектің бәрі

Интернетсіз касса

Чектер басылып, офлайн жинала береді, байланыс болғанда серверге кетеді. Windows және macOS.

Halyk және Kaspi арқылы карта

Касса соманы терминалға өзі жіберіп, банк жауабын күтеді. Кассир төлемді қолмен белгілей алмайды.

HalykKaspi

Бағалық пен таразы

Штрихкоды бар бағалықтар 58×30 және басқа өлшемде. Таразы штрихкодындағы салмақты касса өзі оқиды.

Көтерме: витрина мен агенттер

Сілтеме бойынша фото-витрина, баға деңгейімен агент тапсырыстары, клиент қарыздары бір журналда.

Қызметкерлер мен рұқсаттар

Әр қызметкерге PIN мен рұқсат: қайтару, кіріс, есептер. Ауысымдар мен сатушылар бойынша есеп.

Бәрі Telegram-ға келеді

Күн қорытындысы, кассир ауысымдары мен қайтарулар иесіне келеді. Клиент чегін алып, қарызы мен бонусын көреді.

Кассаны орнатыңыз

Интернетсіз істейді, чекті термопринтерге басады, соманы сатып алушы таблосына шығарады.

macOS: алғаш іске қосқанда бағдарламаны оң жақ батырмамен басып, «Ашу» таңдаңыз.